top of page
240_F_519541729_keGY5P7px0P1q6yEwZZXouAFQe047uxB.jpg

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫ

 

"БІЛІМ БЕРУ, ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ МЕН ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ САЛАCЫНА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ (AI) ЖӘНЕ EDTECH ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ТИІМДІ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ"

атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар-тренингке шақырады.

20 - 29 мамыр, 2024 ж

Волна
Толық ақпарат

2024 жыл мамыр айының 20 - 29 жұлдызы аралығында Назарбаев университетінің қолдауымен, Түркі академиясының ұйымдастыруымен өткізілетін «Білім беру, тілдерді оқыту мен ғылыми зерттеу салаcына жасанды интеллект (AI) және EdTech цифрлық технологияларын тиімді интеграциялау» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар-тренингке шақырамыз.

 

Семинар-тренингтің мақсаты: Жалпы білім беру, тілдерді (қазақ, қырғыз, өзбек, түрік, ағылшын т.б) практикалық, кәсіби бағытта оқыту мен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді қолданудың теориялық-әдістемелік негіздері және тәжірибелерімен бөлісу. ЖИ қолдануда ғылыми этикетті сақтау талаптары, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізудің әдістері мен өзекті мәселелерін талдау.

Семинар спикерлері: АҚШ, Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан университеттері, Назарбаев университеті профессорлары мен НУ ISSAI - Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты және ғылыми зерттеу, әдістеме орталықтарының ғалымдары. 

Семинар қазақ, ағылшын, қырғыз, өзбек, түрік тілдерінде жүргізіледі.

 

Қатысушылар: Семинарға Қазақстан, Азербайджан, Қырғызстан, Өзбекстан ЖОО ғалымдары мен оқытушылары және орта білім беру саласының педагог мамандары, докторанттар, магистранттар, мемлекеттік тілді оқыту орталықтары мен ғылыми зерттеу институттардың қызметкерлері, болашақ тіл мамандары қатыса алады.

 

Семинарға қатысушыларға 72 сағаттық сертификат беріледі. Сонымен қатар, семинар материалдары мен видеожазбалары арнайы вебсайтта қолжетімді болады.

Маңызды даталар
Тіркелу тәртібі

Өтетін күндері: 20 – 29 мамыр, 2024 жыл.

Форматы: Гибридті: 

              20 – 26 мамыр онлайн форматта ZOOM платформасында, 

              27 – 29 мамыр оффлайн форматта Назарбаев университетінде өткізіледі.

                                

Өтетін уақыты: 09.00-18.00;

түскі үзіліс: 13.00-14.00.

Мекен-жай: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 53, Назарбаев университет

Тіркелу жəне қатысу тəртібі: Семинар жұмысына қатысу ақысы – 20 000 теңге. Семинарға қатысуға ниет білдірушілер 10 мамырға дейін төмендегі  сілтеме батырмасы арқылы тіркеліп, төлем түбіртегін жіберуі тиіс.

 

Банк аударымы бойынша мәселе туындаған жағдайда, ұйымдастыру комитетімен байланысыңыз. 

Іссапар (жол, қонақ үй, т.б) шығыны қатысушылардың өз есебінен төленеді.

Реквизиттер

Банк получатель: AO Kaspi Bank

БИК:   CASPKZKA

Номер счета (IBAN): KZ44722C000017347330

ИИН: 781024400427

Ескерту: «Ғылыми әдістемелік семинар үшін төлемақы» деп көрсетілуі тиіс

 

Каспий қосымшасы арқылы аударым: +77787432045  Зейнеп Жұматаева

Ұйымдастыру комитетінің байланыс ақпараттары: 

bottom of page